Accessibility links

Кәрім Мәсімовтің әкесі агроөнеркәсіп палатасын басқарады


Қажымқан Мәсімов.

Қажымқан Мәсімов.

Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қажымқан Мәсімов - Ұлттық агроөнеркәсіп палатасының төрағасы болып тағайындалды.

23 қарашада Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер қауымдастығы құрылтайшыларының жалпы жиналысында Қажымқан Мәсімовтің кандидатурасын қатысушылардың барлығы қолдаған.

77 жастағы Қажымқан Мәсімов - Қазақстан ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасы, бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің әкесі. Агроөнеркәсіп палатасы баспасөз қызметінің дерегінше, Қажымқан Мәсімов "Мәсімов сауықтыру орталығы" жеке компаниясының директоры, Қазақ туризм және спорт академиясы спорттық медицина кафедрасының құрметті профессоры, Қазақстан йога ассоциациясының президенті.

2011 жылы астаналық құқық қорғаушы Талас Сағымбаев Қажымқан Мәсімовті "келісім шарттағы міндеттерді орындамады, бизнесті дұрыс жүргізбеді" деп айыптаған. Астананың Сарыарқа аудандық №2 соты Сағымбаевтың айыптауы негізсіз деп бизнесмен Қажымқан Мәсімовке "моральдық шығын ретінде" 300 мың теңге төлеу туралы шешім шығарған. Бірақ Сағымбаев айыппұлды төлеуден бас тартқан. Кейін сот оны төрт ай 22 күн түрмеге қамап, ол биыл тамызда түрмеден босап шыққан.

XS
SM
MD
LG