Accessibility links

Комиссия: "Саранская" шахтасындағы оқиғаға жұмыс беруші кінәлі


"Саранская" шахтасының ғимараты.

"Саранская" шахтасының ғимараты.

23 қарашада "Саранская" шахтасында болған төтенше оқиғаның себебін тексерген комиссия тексеріс қорытындысын жариялады. Шахтадағы оқиғадан үш адам мерт болып, бес адам жарақат алған еді.

Ақтас кентіндегі шахта ғимаратында өткен баспасөз мәслихатында коммиссия жетекшісі Нұрбек Құнанбаев "төтенше жағдайға жұмысшылар емес, жұмыс беруші кінәлі" деп мәлімдеді.

Комиссия қорытындысында қауіпсіздік шараларының сақталмағаны, бақылаушы қызметкерлердің болмағаны, шахтада техниканы қолдану шарттары бұзылғаны жазылған.

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қарасты "Саранская" шахтасында төтенше оқиға 10 қараша күні кешке жақын болған. Қазір 15 шахта қызметкері мен директор уақытша қызметтен босатылған. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бас директоры Парамжит Калон төтенше оқиға бақылауға алынғанын, қаза тапқан және жарақат алғандардың отбасына материалдық көмек көрсетілетінін айтқан.

Компания төтенше оқиғаны "қайғылы жағдай" деп атағанымен, нақты қандай не болғанын айтпаған. Дегенмен, жергілікті агенттіктердің бірінің хабарлауына қарағанда, шахтада алдын ала мәліметтер бойынша "аспалы жол үзіліп кеткен".

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

XS
SM
MD
LG