Accessibility links

Грузияда шабуылға ұшыраған трансгендер қайтыс болды


Тбилисиде парламент алдында тұрған ЛГБТ өкілдері.

Тбилисиде парламент алдында тұрған ЛГБТ өкілдері.

Грузияда 34 жастағы әйел-трансгендер Тбилиси ауруханасында көз жұмды. 14 қазанда Зизи Шекеладзеге (бұрынғы есімі Зураба) шабуыл жасалып, оны бірнеше жерден пышақтап кеткен. Содан бері ол ауруханада жатқан еді.

Осы іске қатысты күдікті ретінде Георгий Мурижкинели қамауға алынған. Оған адам өлтірді деген айып тағылған. Алғашқы сот тыңдауы желтоқсанда өтеді.

Гомосексуализм мен жынысын ауыстыру Грузияда заңдастырылған. Бірақ қоғам біржыныстылықты қолдамайды. 2013 жылы гомофобияға қарсы маршта бірнеше белсенді соққыға жығылған еді.

XS
SM
MD
LG