Accessibility links

Трамп БҰҰ-ға елшілікке кандидат ұсынды


Каролина штатының губернаторы Никки Хейли.

Каролина штатының губернаторы Никки Хейли.

АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Каролина штатының губернаторы Никки Хейлиді АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшілігіне кандидат ретінде ұсынды.

23 қарашада тараған мәлімдемеде "губернатор Хейлиде адамдардың саяси көзқарастарына қарамастан оларды біріктіру қабілеті бар, тәжірибесі мол" деп көрсетілген.

44 жастағы Хейли - Үндістаннан келген иммигранттың қызы. Президент сайлауы алдында ол Трамптың мигранттарға қарсы саясатын сынаған. Егер сенат Хейлидің кандидатурасын қолдаса ол 2013 жылдан бері БҰҰ-дағы елші қызметін атқарып келе жатқан Пулитцеровская сыйлығының иегері Саманта Пауэрді алмастырады.

XS
SM
MD
LG