Accessibility links

HRW Қазақстанды жұмысшылар құқығын бұзғаны үшін сынады


Жаңаөзендегі "Бұрғылау "автобекетінде наразылық білдіріп жатқан жұмысшылар. 3 қазан 2016 жыл.
Жаңаөзендегі "Бұрғылау "автобекетінде наразылық білдіріп жатқан жұмысшылар. 3 қазан 2016 жыл.

24 қарашада Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы кезекті есебін жариялады. HRW өз есебінде Қазақстанды жұмысшылар құқығын бұзып, олардың жиналыс, наразылық өткізуіне шектеу қойғаны үшін сынаған.

Құқық қорғаушылар бұл елді еңбек кодексі мен кәсіподақтар заңына халықаралық нормаларға сай өзгерістер енгізуге шақырды.

Есепте Қазақстандағы заңдардың өзгеруі жұмысшылардың ерікті түрде кәсіподақ құруына, келіссөздер жүргізуіне кедергі келтіріп отырғаны жазылған. Құқық қорғау ұйымының пайымдауынша, бұл елде заңсыз шеруге қатысқан жұмысшыларды және кәсіподақ көшбасшыларын қылмыстық жауапкершілікке тарту, қудалау, жұмыстан шығару фактілері көбейген.

Құқық қорғаушылар "экономикалық құлдырау Қазақстанда мұнай-газ және металлургия саласындағы мыңдаған жұмысшыларға әсер етіп, елдегі жұмысшылар құқығын төмендетеді" дейді. HRW өз есебінде Қазақстанды жұмысшылар құқығын қорғауға шақырады.

XS
SM
MD
LG