Accessibility links

Өскеменде Ертіс өзеніндегі көпір опырылды


Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы.
Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Бүгін таңертен Өскеменде Ертіс өзеніндегі көпір опырылып түсті. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, оқиға кезінде көпірде 6 адам болған.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің дерегінше, көпір үстінде болған төрт жұмысшы төмен құлап, тағы екеуі жоғарыда қалып қойған. Біреуі аяғын жарақаттап алған. Оқиға кезінде көпір маңында көлік қозғалысы болмаған.

Қала орталығында орналасқан көпірде қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Демонтаж жұмыстары кезінде көпірдің бір бөлігі опырылып, екінші жағы көтеріліп кеткен.

"Куәгерлер бізге Ертіске бес адам түсіп кетті деп хабарлады, оқиға орнына құтқарушылар барды, бірақ бұл мәлімет расталмады" деді облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.

Өскемен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының мәліметінше, оқиғаға көпірдің бір тіреуінің қирауы себеп болған. Қазір облыстық прокуратура осы оқиғаға байланысты тексеру жұмыстарын бастады.

XS
SM
MD
LG