Accessibility links

Порошенко ЕО-дан Ресейге қатысты санкция уақытын ұзартуды сұрады


Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко кезекті рет Еуроодақтан Ресейге қатысты санкциялардың уақытын ұзартуды сұрады.

24 қарашада Welt басылымында жарияланған сұхбатта Порошенко Украинаның территориялық тұтастығы қалпына келгенше Ресейге қатысты санкцияларды сақтау керектігін айтты.

24 қарашада Брюссельде Еуроодақ пен Украинаның алдағы уақыттағы қарым-қатынасына байланысты саммит басталады.

Украина президентінің айтуынша, бұл саммит екі тарап үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды және Украина мен ЕО алдағы байланысына қатысты мәселелер шешіледі. Порошенко Украина азаматтарының ЕО елдеріне визасыз кіру мәселесі де талқыланатынын айтты.

21 қарашада Bloomberg агенттігі ЕО Ресейге қатысты санкциялар уақытын тағы жарты жылға созуы мүмкін екенін жазған. 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап алған соң ЕО Ресейге санкция салған.

XS
SM
MD
LG