Accessibility links

Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) 24 қарашада жариялаған әлемдік рейтингінде Қазақстан 90-орыннан 97-орынға түсті.

Әлемдік рейтингтің үздік үштігіне Аргентина, Бразилия, Германия енген. Украина 29, Ресей 55, Өзбекстан 62, Қырғызстан 124 орында тұр.

Қазақстан құрамасы 12 қарашада 2018 жылы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Даниямен кездесіп, 1:4 есебімен жеңіліп қалған. Осы нәтижеден кейін FIFA Қазақстанның әлемдік рейтингтегі ұпай санын азайтып тастады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG