Accessibility links

Назарбаев: полицияның міндеті - халыққа қызмет көрсету


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгін Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев пен үкімет мүшелерінің қатысуымен модернизация бойынша ұлттық комиссияның қызметі жөніндегі кеңес өтті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Астанадағы жиында Назарбаев құқық қорғау органдарына қызметкерлерді конкурс негізінде алу керектігін айтты.

"Полицейлерге деген көзқарас өзгеру керек. Қызметкерлерге азаматтарымыз сенімі болуы тиіс. Олардың қызметі бірінші кезекте халыққа көмек көрсетуге бағытталуы керек" деді ол.

Назарбаев кеңес кезінде сүт және ет өндірісіне инвесторлар тарту бойынша жұмыс жеткіліксіз екенін де сынады.

"Сүт бойынша тек бір, ет бойынша үш инвестормен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Нақты нәтиже жоқ. Бұл жұмысты күшейтуді тапсырамын" деді.


XS
SM
MD
LG