Accessibility links

Өзбекстанда 1993 жылы сотталған экс-депутат түрмеден шықты


Самандар Куканов Өзбекстан парламенті депутаты кезінде.

Самандар Куканов Өзбекстан парламенті депутаты кезінде.

Өзбекстанда бұрынғы парламент депутаты, 1993 жылы "мемлекетке қарсы әрекет етті" деген айыппен сотталған Самандар Куканов (72 жаста) түрмеден шықты. Оны босату туралы шешімді Навой облысы Зарафшон қалалық соты билы 7 қазанда шығарған.

Самандар Куканов 1993 жылы 20 жылға сотталған. Ол мерзімі аяқталар кезде, 2014 жылы сот оған тағы үш жыл жаза кесіп, кейін оны екі жылға түсірген. Абақтыда 23 жыл 4 айдан астам отырған Куканов - әлемдегі саяси айыппен ұзақ мерзімге сотталған азаматтардың бірі.

Еуропа Одағы, АҚШ пен БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті өзбек билігінен Самандар Кукановты босатуды әлденеше рет талап еткен.

XS
SM
MD
LG