Accessibility links

24 қараша түнде Орталық Америкадағы Сальвадордың Тынық мұхитымен шекаралас аймағында магнитудасы 7,2 балдық жер сілкінісі болды деп хабарлады АҚШ-тың геологиялық қызметі. Жер сілкінісі Никарагуа мен Коста-Рикада сезілген. Зардап шеккендер мен мерт болғандары туралы ақпарат түскен жоқ.

Сальвадордың кей ауданында цунами қаупіне байланысты халықты эвакуациялай бастады. Мамандар цунами қаупі Никарагуаға да төнгенін хабарлады. Екі елде де төтенше жағдай жарияланған.

13 қарашада Жаңа Зеландияда магнитудасы 7,8 балдық жер сілкінісі болып, цунами көтерілген.

XS
SM
MD
LG