Accessibility links

"Астана" УЕФА рейтингінде 110-орында тұр


"Астана" футбол командасының ойыншылары (сары формада) Еуропа лигасында "Young Boys" командасына қарсы ойында.
"Астана" футбол командасының ойыншылары (сары формада) Еуропа лигасында "Young Boys" командасына қарсы ойында.

"Астана" футбол командасы УЕФА-ның клубтық рейтингінде 121-орыннан 110-орынға көтерілді. Қазақстандық "Қайрат" 242-орында "Ордабасы" командасы 298-орында, "Тобыл" 310-орында тұр. Рейтингке 456 команда енген.

"Астана" командасы 24 қарашада Еуропа лигасының топтық кезеңінде кипрлік APOEL клубын 2:1 есебімен жеңген еді. Бұл - Қазақстан клубтарының Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы жеңісі.

Болгариялық маман Станимир Стойлов жаттықтыратын "Астана" командасы үш жыл қатарынан Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті. Биыл Қазақстан премьер-лигасы мен Қазақстан кубогын ұтып алды.

XS
SM
MD
LG