Accessibility links

Қытайда құрылыстағы апаттан мерт болғандар саны 70-тен асты


Фэнчэн қаласындағы апат болған аймақ.

Фэнчэн қаласындағы апат болған аймақ.

Қытайдың Фэнчэн қаласындағы электростанцияда құрылыс конструкциясында болған апаттан мерт болғандардың саны 74 адамға жетті. Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады.

Xinhua агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандар - 23-53 жас аралығындағы жұмысшылар. Қазір осы іске қатысты тексеру жүріп жатыр. «Жэньминь жибао» газетінің жазуынша оқиға орнына Қытайдың кәсіпорындардағы қауіпсіздік инспекторы келген.

Фэнчэндегі оқиға 24 қарашада болған. Алғашқында 40 адамның мерт болғаны, үйінде астында қалып қойғандарды іздеу шарасы жүріп жатқаны хабарлаған.

Соңғы уақытта Қытайда құрылыс алаңдары мен зауыттарда болатын апаттар саны артқан. Сарапшылар "апаттардың көбеюін коррупция мен қауіпсіздік шаралардың сақталмауы себеп" дейді.

Жақында Қытайдың халықтық соты Тянцьзинь портының қоймасында болған апатқа байланысты Ruihai Logistics компаниясының басшысын өлім жазасына кескен. Биыл 13 тамызда Тяньцзинь порты аймағындағы жарылғыш заттар сақталған контейнерлердің бірінде өрт шығып, оның соңы жарылыстарға ұласқан. Апаттан 173 адам метр болған. Олардың көбі - өрт сөндірушілер мен полиция өкілдері.

XS
SM
MD
LG