Accessibility links

Мұстафа Джемилевтің ұлы Ресей түрмесінен шықты


Хайсер Джемилев (оң жақтан санағанда екінші) Ресей түрмесінен шыққан сәт. 25 қараша 2016 жыл.

Хайсер Джемилев (оң жақтан санағанда екінші) Ресей түрмесінен шыққан сәт. 25 қараша 2016 жыл.

25 қарашада Қырым татарларының жетекшісі, Украина парламентінің депутаты Мұстафа Джемилевтің ұлы Хайсер Джемилев Ресей түрмесінен шықты.

Астрахань облыстық соты осыған дейінгі шешімді жойып, Хайсер Джемилевке елден шығуға рұқсат берді. Адвокат Николай Полозовтың айтуынша, сот Хайсер Джемилевтің Украина азаматы екенін мойындаған.

Маусым айында Краснодарда сотында өткен процесте алқа соты Хайсер Джемилевті "абайсызда кісі өлтірді" және "қару-жарақ сақтады" деген айыптармен кінәлі деп тауып, бес жылға соттаған. Ал негізгі "бұзақылық пиғылмен қасақана кісі өлтіру" айыбы алынып тасталған.

Тергеу деректері бойынша, Джемилев 2013 жылдың мамырында үйінің алдында қаруымен абайсызда танысын атып өлтіріп қойған. Сотта Джемилев өз кінәсін толық мойындаған.

Осыған дейінгі сот отырысында адвокат Джемилевке жаза Украинада кесілгенін, бірақ Қырым аннексияланғаннан соң қылмыстық іс Краснодар өлкелік сотына жөнелтілгенін айтып, үкімді толық жоюды сұраған.

XS
SM
MD
LG