Accessibility links

Ердоған: Түркия босқындар үшін ЕО-мен шекараны ашуы мүмкін


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Бүгін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған "Түркия босқындар үшін Еуроодақпен шекараны ашуы мүмкін" деп мәлімдеді.

"Біз үш миллионнан астам босқынды қабылдадық. Еуроодақ өз уәделерінде тұрмады. Егер әрі қарай осылай жалғаса берсе біз шекараны ашамыз" деді Ердоған.

24 қарашада Еуропарламенті Түркияны Еуроодаққа қабылдау процестерін тоқтатуды қолдап дауыс берген. Депутаттардың басым бөлігі Түркияда шілдеде іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс әрекетінен соң биліктің елдегі жаппай қамау және қудалау әрекетін сынайды.

Биыл наурызда Түркия мен Еуроодақ Еуропаға келетін босқындар санын азайту үшін арнайы келісімге қол қойған. Нәтижесінде Эгей теңізі арқылы Еуропаға өтетін босқындардың саны едәуір азайған еді.

Түркия соңғы жылдары 2,7 миллион сириялық, мыңдаған Ауғанстан мигранттарын қабылдаған.

XS
SM
MD
LG