Accessibility links

Тасмағамбетов: ҮЕҰ діни мәселер бойынша билікпен бірге жұмыс істеу керек


Азаматтық форумға қатысушылар. Астана. 25 қараша 2016 жыл.

Азаматтық форумға қатысушылар. Астана. 25 қараша 2016 жыл.

Бүгін Астанада өтіп жатқан 7-азаматтық форумда вице премьер-министр Иманғали Тасмағамбетов үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) діни мәселелер бойынша билікпен бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

Тасмағамбетовтың айтуынша, "бүгінде Қазақстанда 15 мыңға жуық дәстүрлі емес діни бағыттарды ұстанатын адамдар бар. Тек 22 ҮЕҰ діни мәселелер бойынша кеңес беріп, жұмыс істеп жатыр".

- Тек төрт облыс орталығында, Астанада, Көкшетауда, Қарағандыда және Таразда сегіз ҮЕҰ діни мәселелер бойынша жұмыс істейді. Петропавлда бірде бір ұйым жоқ. Үш мыңға жуық дәстүрлі емес діни ұйымдар бар Оңтүстік Қазақстан облысында дін мәселесімен айналысатын бір ғана ҮЕҰ бар, - деді Тасмағамбетов.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының дерегі бойынша, бір ОҚО өзінде Қазақстанда тыйым салынған 7 діни ағымда жүрген 3 мыңға жуық адам бар.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG