Accessibility links

Назарбаев Фэнчэндегі апатқа байланысты Қытай басшысына көңіл айтты


Апат болған электр станциясында. Фэнчэн, Қытай, 24 қараша 2016 жыл.
Апат болған электр станциясында. Фэнчэн, Қытай, 24 қараша 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай басшысы Си Цзиньпинге Фэнчэн электр станциясы құрылысындағы апатқа байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Жеделхатта Қытайдың Фэнчэн қалалық округінде салынып жатқан электр станциясында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы хабарды Қазақстан президентінің зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Си Цзиньпинге, қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

Қарашаның 24-і күні Қытайдың Цзянси аймағындағы Фэнчэн қаласында электр станциясында болған апат салдарынан 70-тен аса адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG