Accessibility links

Бұрынғы жапон әскери тұтқыны өзі жайлы спектакль премьерасына қатысты


Карлагтың бұрынғы тұтқыны Ахико Тецуро (оң жақта) әйелі Елена Тацуромен бірге өз тағдыры жайлы баяндайтын «Ақтастағы Ахико» деректі спектаклінің премьерасында отыр. Қарағанды, 25 қараша 2016 жыл.

Карлагтың бұрынғы тұтқыны Ахико Тецуро (оң жақта) әйелі Елена Тацуромен бірге өз тағдыры жайлы баяндайтын «Ақтастағы Ахико» деректі спектаклінің премьерасында отыр. Қарағанды, 25 қараша 2016 жыл.

Қарағанды қаласындағы Константин Станиславский атындағы театрда жұма күні «Ақтастағы Ахико» спектакілінің прьемерасы өтті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Карлагта болған, одан бостандыққа шыққан соң сол лагерь маңында өмір сүруге қалған, содан бері Қазақстанда тұрып жатқан жапон тұтқынының тағдыры жайлы бұл деректі спектакльдің премьерасы Алматыда қазанның 22-і күні өткен.

Қазір Қарағанды қаласы маңындағы Ақтас кентінде тұратын 86 жастағы Ахико Тецуро әйелі Еленамен бірге өзі туралы спектакльдің Қарағандыдағы премьерасына қатысты.

Ахико Тецуро туралы шығарма авторлары сталиндік қуғын-сүргін, Карлаг және онда болған тұтқындар тақырыбы жас ұрпақ үшін маңызды деп санайды. Тұтқыннан босап шыққаннан кейін Жапонияға туған-туыстарымен жүздесуге барған Ахиконың ол жақтан Қазақстанға қайтып оралып, осында қалғаны спектакль авторларына әсер еткен.

Ғалым Нұрлан Дулатбеков пен актер Дулыға Ақмолда баспасөз мәслихатында. Қарағанды, 25 қараша 2016 жыл.

Ғалым Нұрлан Дулатбеков пен актер Дулыға Ақмолда баспасөз мәслихатында. Қарағанды, 25 қараша 2016 жыл.

- Идея бір жарым жыл бұрын пайда болды. Иә, кейбір тарихи сәттер сәйкес емес. Бірақ бұл жерден тарихи сәйкестілікке емес, адамдардың тағдырына назар бұру керек, - деді Карлаг тарихын зерттеуші профессор Нұрлан Дулатбеков жұма күні Қарағандыда өткен баспасөз мәслихатында.

Сценарий авторлары мен спектакльді сахналаған шығармашылық топ премьераға қатысқан Ахико Тецуроның өзі туралы қойылымды қалай қабылдайды деген толқыныстарын жасыра алмады.

- Тірі кейіпкердің алдында оның бейнесін сомдау оңай емес. Толқып тұрғанымыз рас, - деді спектакль алдында Ахико Тецуроның жастық шағын ойнайтын актер Дулыға Ақмолда.

Ахико Тецуроның тағдыры еш жазықсыз сотталып, лагерьге айдалған мыңдаған адамның тағдырына ұқсас. Жапонияда әскери училищеде оқып жүрген 17 жастағы Ахико Тецуроны екінші дүниежүзілік соғыс кезінде совет армиясы тұтқындап, Қазақстанның Қарағанды облысындағы «Карлагқа» жөнелткен. Ахико Тецуро - СССР тұсында Қазақстанға еркінен тыс әкелінген жапон тұтқындарынан қазір тірі жалғыз адам.

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

XS
SM
MD
LG