Accessibility links

Прокуратура: Парижде теракті жасамақ болғандарға ИМ тобы нұсқау берген


Париж прокуроры Франсуа Моленс.

Париж прокуроры Франсуа Моленс.

Францияда өткен аптада терактілерге дайындық жасаған деген күдікпен ұсталған адамдар «Ислам мемлекеті» экстремистік тобынан нұсқау алып, әрекет еткен деп мәлімдеді Париж прокуроры Франсуа Моленс.

Страсбургте күдіктілер пәтерін тексеру барысында оларға Сирия мен Ирактағы исламшылдардың шифрленген желі арқылы жолдаған нұсқауларының мәтіндері табылған.

Өткен жексенбіде Страсбург пен Марсельде жүргізілген террорға қарсы операция кезінде полиция бес күдіктіні ұстаған. Тергеу болжамы бойынша, күдіктілер желтоқсанның 1-і күні Парижде теракт жасамақшы болған. Экстремистер шабуыл нысанасы етпек болған ондаған көпшілік орынның арасында Париждегі Диснейленд пен Елисей алаңы да бар деп хабарланған.

XS
SM
MD
LG