Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Фидель Кастроның қазасына көңіл айту жеделхатын жолдады


Қазақстан президентінің резиденциясы - Ақорда. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан президентінің резиденциясы - Ақорда. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Фидель Кастроның қазасына байланысты көңіл айтып Куба басшысы Рауль Кастроға жеделхат жолдады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

«Команданте Фидель Кастро Қазақстан халқының жадында кемеңгер жетекші, беделді саясаткер және екіжақты қарым-қатынастарға үлкен үлес қосқан тарихи тұлға ретінде мәңгі қалады» делінген жеделхатта.

Назарбаев барша қазақстандықтар мен жеке өз атынан Куба халқына қайғысына ортақтасып көңіл айтатынын жеткізген.

Бұған дейін Куба басшысы Рауль Кастро мемлекеттік телеарнадан қарашаның 25-і күні 91 жасқа қараған шағында Фидель Кастроның қайтыс болғаны туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG