Accessibility links

Алматыда бірнеше белсендіні полицияға апарған


Азаматтық белсенділер Құрал Медеуов (сол жақта) пен Сүйіндік Алдабергеновтің абақтыдан әкімшілік сот жазасын өтеп шыққан сәтіндегі суреті. Алматы, 2 қараша 2016 жыл.
Азаматтық белсенділер Құрал Медеуов (сол жақта) пен Сүйіндік Алдабергеновтің абақтыдан әкімшілік сот жазасын өтеп шыққан сәтіндегі суреті. Алматы, 2 қараша 2016 жыл.

Алматы қаласында бұған дейін әртүрлі наразылық акцияларына қатысқан бірнеше белсендіні бүгін қалалық ішкі істер департаментіне шақыртқан. Белсенділер Құрал Медеуов пен Сүйіндік Алдабергеновті департаментке полиция қызметкерлері алып барған. Тағы бір белсенді Асхат Берсалимовке шақыру қағазын тапсырған.

Әлеуметтік желілердегі хабарламаларда полиция белсенділерді «алдын ала әңгіме өткізу» үшін шақырған болуы мүмкін деген болжам айтылды. ІІД-нен шыққан соң Құрал Медеуов Азаттыққа полиция өзіне биыл жазда Украинаға қашып кеткен қазақстандық азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевтың елде қарсылық акцияларын өткізу туралы әлеуметтік желідегі жазбаларына қатысты сұрақтар қойғанын айтты.

Қалалық ішкі істер департаментінің кезекші қызметкері белсенділерді шақыртуға қатысты Азаттықтың сауалына «еш ақпаратымыз жоқ» деп қана жауап берді.

Бұған дейін азаматтық белсенділер Құрал Медеуов, Сүйіндік Алдабергенов және Асхат Берсалимовтер қазанның 23-і күні Алматының орталығында қазіргі кезде Атырауда заңсыз митинг ұйымдастырды және араздық қоздырды деген айыптар бойынша сотталып жатқан азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды қолдау акциясын өткізбек болғанда ұсталған. Кейін оларды әкімшілік сот заңсыз митинг өткізген деген айыппен 10 тәулікке қамауға шешім шығарып, үшеуі абақтыда отырып шыққан.

XS
SM
MD
LG