Accessibility links

Надежда Савченко саяси партия құру ниеті жайлы мәлімдеді


Украина Жоғарғы Радасы депутаты Надежда Савченко.

Украина Жоғарғы Радасы депутаты Надежда Савченко.

Украиналық әскери қызметкер әрі Жоғарғы Рада депутаты Надежда Савченко украин телеарнасына сұхбатында «Народный Рух Украины» атты қоғамдық ұйым мен партия құру туралы мәлімдеген. Сонымен бірге Савченко парламенттегі Юлия Тимошенконың «Батькивщина» фракциясы құрамынан шығу ниеті жоқ екенін айтқан.

Өткен сайлауда «Батькивщина» партиясынан парламентке өткен депутаттар тізімінде бірінші тұрған Савченко ол уақытта Ресейде түрмеде отырған еді. Ресей соты Савченконы Украинаның Луганск қаласы түбінде 2014 жылы мерт болған ресейлік екі журналистің қазасына және шекараны заңсыз кесіп өткені үшін айыпты деп танып, биыл наурызда 22 жылға түрмеге қамауға үкім шығарған. Мамыр айында Мәскеу Савченконы Украинада ұсталып, сотталған екі ресейлік арнайы жасақ қызметкеріне айырбастаған.

Украинаға оралғаннан кейін парламенттегі міндетіне кіріскен Савченко елдің шығысындағы өз-өзін «Донецк халық республикасы» және «Луганск халық республикасы» деп атайтын ресейлік қарулы сепаратистермен келіссөздер жүргізуге шақырып бірнеше рет мәлімдеме жасаған.

XS
SM
MD
LG