Accessibility links

Тәжікстан билігі Азаттық радиосы тілшілерін аккредитациядан айырған


Азаттық радиосы Тәжік қызметінің (Радио Озоди) Душанбедегі бюросы. (Көрнекі сурет.)
Азаттық радиосы Тәжік қызметінің (Радио Озоди) Душанбедегі бюросы. (Көрнекі сурет.)

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі Азат Еуропа – Азаттық радиосы Тәжік қызметінің (Радио Озоди) Душанбедегі алты қызметкерін аккредитациядан айырған.

Азаттықтың Тәжік қызметі министрлік мұнай шешімді Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қыздарының бірінің жоғарғы қызметке тағайындалғаны туралы жариялаған ақпаратқа байланысты қабылдаған деп санайды. Тәжікстан билігі әзірше Радио Озоди қызметкерлерін аккредитациядан айыруға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Азат Еуропа – Азаттық радиосы президенті Томас Кент Тәжікстан билігінің бұл шешімі алаңдаушылық туғызатынын айтып, сыртқы істер министрлігі аккредитацияны қайтарып алу туралы шешімін жақын арада өзгертеді деп үміттенетінін білдірді.

Тәжікстан президентінің үшінші қызы Рухшона Рахмонова Тәжікстан сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйымдар басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалғаны туралы ақпарат Азаттықтың Тәжік қызметінің сайтында жұма күні жарияланған. Бұған дейін осындай ақпарат Тәжікстан сыртқы істер министрлігі сайтына шыққан. Ақпарат жарияланғаннан кейін Душанбедегі Радио Озоди бюросына телефон шалып, сайттан әлгі ақпаратты алып тастауды талап еткен сыртқы істер министрлігі қызметкерлері журналистер бұйрыққа бағынбаса, аккредитациядан айырылатындарын айтқан.

XS
SM
MD
LG