Accessibility links

Түркияда «Америка дауысы» тілшісі ұсталған


Cumhuriyet газеті кеңсесі алдында тұрған полиция қызметкері. Стамбул, 31 қазан 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Cumhuriyet газеті кеңсесі алдында тұрған полиция қызметкері. Стамбул, 31 қазан 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Диярбакыр қаласында «Америка дауысы» радиосының штаттан тыс тілшісі Хажижан Фаркин ұсталған. Журналистің отбасының досы сенбі күні Фаркинді қандай себеппен ұстап әкеткені әлі беймәлім екенін айтқан. Отбасы мүшелерінің сөзінше, ауданда жарияланған төтенше жағдай салдарынан адвокатының Хажижанмен байланысқа шыға алмай отырғанына бірнеше күн болған.

Түркияда биыл шілденің 15-і күні мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті іске аспай қалған соң төтенше жағдай жарияланғаннан бергі өткен уақыт ішінде ондаған журналист ұсталған.

Өткен айдың соңында Диярбакыр мэриясының бірнеше жоғары лауазымды шенеунігі қызметтен алынып, тұтқындалғаннан кейін бірнеше мың адам наразылық шеруіне шыққан еді. Бұл қала Түркияның күрдтер басым қоныстанған оңтүстік-шығыс аудандарының орталығы саналады.

XS
SM
MD
LG