Accessibility links

Британ парламенті мүшелері Алеппо тұрғындарына көмекті әуеден жеткізуді ұсынды


Әуе соққысынан кейін Алеппоның көтерілісшілер бақылауындағы ауданында зардап шеккен әйелді арқалап келе жатқан адам. Сирия, 20 қараша 2016 жыл.
Әуе соққысынан кейін Алеппоның көтерілісшілер бақылауындағы ауданында зардап шеккен әйелді арқалап келе жатқан адам. Сирия, 20 қараша 2016 жыл.

Ұлыбритания парламентінің жүзден аса мүшесі елдің премьер-министрі Тереза Мэйді Сириядағы үкімет әскері қоршауында қалған Алеппо қаласына әуе арқылы гуманитарлық жүк жеткізуге рұқсат беруге шақырды. Бұл туралы бүгін The Guardian басылымы хабарлады.

Британ заң шығарушылары гуманитарлық көмексіз қоршауда қалған қала тұрғындары қазаға ұшырайды дейді. Олар қалыптасқан жағдайға жауапкершілікті ресейлік әскери ұшақтардың көмегімен Алеппоның шығыс аудандарына соққы беріп жатқан Сирия үкіметіне артқан.

Көлемі жағынан Сирияның екінші ірі қаласы саналатын Алеппо бірнеше аймаққа бөлінген: батысы Башар Асад күштерінің, шығысы - көтерілісшілер бақылауында. Батыс мемлекеттері Мәскеу мен Дамаскіні бейбіт тұрғындарға соққы беріп жатыр деп бірнеше рет айыптаған. Қазіргі кезде Алеппода 250 мыңнан астам тұрғын азық-түлік пен дәрі-дәрмектен тарығып отыр. Алепподан эвакуациялауды күтіп жатқан жүздеген жаралы адам бар.

XS
SM
MD
LG