Accessibility links

Ресей телеарнасы эфирдегі керістен соң поляк журналисіне ақша төлеген


Польша журналисі Томаш Мацейчук.
Польша журналисі Томаш Мацейчук.

Ресейлік ТВЦ телеарнасы тікелей эфирде көрсетілген «Право голоса» бағдарламасы кезінде өзге қатысушы бетінен салып қалған польшалық журналист Томаш Мацейчукке 50 мың рубль ақша төлеген. Бұл туралы ресейлік «Дождь» телеарнасына сұхбатында Томаш Мацейчук өзі хабарлаған.

Қараша айында аталған бағдарлама үстінде Мацейчук ресейліктер «нәжісте өмір кешіп жатыр» деп мәлімдеген. Іле-шала бағдарлама жүргізушісі Роман Бабаян дөрекі түрде поляк журналисінен ТВЦ студиясынан кетуін талап еткен, ал хабарға қатысушылардың бірі - Одесса қаласынан келген депутат Игорь Маркин Мацейчукті бетінен ұрып жіберген.

Кейін поляк журналисі өз сөзі үшін кешірім сұраған. «Дождь» телеарнасына сұхбатында ол «эфирден айтылуға тиіс емес» сөз айтып қалғанын мойындаған. Мацейчук Ресейде болған кезінде өзі «үнемі естіген кемсіту сөздерден» кейін шыдай алмай кеткенін айтқан.

XS
SM
MD
LG