Accessibility links

Донецк облысында чех гуманитарлық ұйымының қызметі тоқтатылды


Чехияның "Мұқтаж адамдар" гуманитарлық ұйымы мен БҰҰ өкілдігі Донецк облысында тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр.

Чехияның "Мұқтаж адамдар" гуманитарлық ұйымы мен БҰҰ өкілдігі Донецк облысында тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр.

Украинаның шығысындағы Донецк облысының сепаратистері чехиялық "Мұқтаж адамдар" ұйымының қызметіне тыйым салды. Ұйымның таратқан мәлімдемесінде "Мұқтаж адамдардың" жергілікті тұрғындарға үйлерін қалпына келтіріп, қысқа азық-түлік пен ауыз су дайындап алуына көмектесіп жүрген халықаралық екі ұйымның бірі болғаны айтылады.

Мәлімдемеде жергілікті билік "жедел шара қабылдап", ұйымның Донецк облысындағы бөлімшесін жапты, гуманитарлық көмек жүктері сақталған қойманың есігін мөрледі делінген. Сепаратистер сонымен қатар барлық халықаралық гуманитарлық қызметкерлерге бір тәулік ішінде Донецкіден кетуді бұйырған.

Ұйымға тыйым салынатыны туралы 25 тамызда жарияланған. "Мұқтаж адамдар" 2016 жылдың басынан бері ұйым 470 мың адамға көмек көрсеткенін айтады. Жүз мыңнан астам тұрғын үйлерін жөндеуге материалдық көмек алған. Ұйым Луганск облысы мен украин үкіметі әскері бақылауындағы аудандарда жұмысын жалғастырып жатыр.

XS
SM
MD
LG