Accessibility links

ШҚО: Абай ауданының Саржал ауылында төтенше жағдай жарияланды


Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірі (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірі (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданына қарасты Сарыжал ауылдық округінде ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Серік Бимұратұлының Азаттыққа айтуынша, төтенше жағдай 28 қарашаға қараған түні жарияланған. Саржал ауылында соңғы үш күнде қалың қар түсіп, ұйытқыған боран соғып, жол жабылған. Қардың қалыңдығы жарты метрге дейін жетіп, қатынас пен малдың жайылуы қиындаған. Ол облыстан көмекке жем-шөп, жол ашатын техника бүгін келе бастайтынын айтады.

Серік Бимұратұлының айтуына қарағанда, Саржал ауылдық округінде 2 мыңның үстінде халық тұрады.

XS
SM
MD
LG