Accessibility links

Атырауда Боқаев пен Аянды босатуға шақырды


Белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісіне қатысты сот үкімін тыңдауға жиналған туыстары, қолдаушылары мен белсенділер. Атырау, 28 қараша 2016 жыл.

Белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісіне қатысты сот үкімін тыңдауға жиналған туыстары, қолдаушылары мен белсенділер. Атырау, 28 қараша 2016 жыл.

Атырауда бүгін азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянға сот үкімі жарияланған соң сотқа жиналған қарапайым азаматтар мен белсенділер оларды қолдап әнұранды орындады. Атырау қалалық №2 сотының алдына жиналған ондаған адам билікті белсенділерді босатуға шақырып, "Бостандық, бостандық!" деп ұрандады.

Олармен сөйлесуге шығып, өзін қалалық әкімдіктің өкілі Серік Қадыров деп таныстырған адам жиналғандарға бұл акцияларына рұқсат берілмегенін айтып, тарауға шақырды.

Талғат Аян мен Макс Боқаев бүгін "заңсыз митингтер ұйымдастырды", "жалған ақпараттар таратты", "ұлтараздық тудырды" деп айыптап, 5 жылға сотталды. Сот сонымен бірге оларға үш жыл қоғамдық жұмыспен айналысуға шектеу қою және 250 мың теңге айлық көрсеткіш есебінде (бір АЕК - 2121 теңге) айыппұл салу туралы үкім кесті. Үкім бойынша, Боқаев пен Аян жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтеуі тиіс. Боқаев пен Аян өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды.

XS
SM
MD
LG