Accessibility links

Полиция: Огайодағы шабуыл теракт болуы да мүмкін


Колумбус қаласында шабуыл жасалған университет маңында жүрген полиция қызметкерлері. Огайо, АҚШ, 28 қараша 2016 жыл.
Колумбус қаласында шабуыл жасалған университет маңында жүрген полиция қызметкерлері. Огайо, АҚШ, 28 қараша 2016 жыл.

АҚШ-тың Колумбия штатындағы Колумбус қаласының полициясы 28 қарашада жергілікті университетке жасалған шабуылды теракт болуы мүмкін деп санайтынын мәлімдеді. Қала полициясының басшысы Ким Джакобс журналистің құқық қорғау органдары шабуылды теракт деп қарастыра ма деген сұрағына "Біз мұндай болу ықтималдығын қарастыруымыз керек" деп жауап берді.

28 қараша күні таңертең белгісіз адам университет территориясында көлікпен жаяу адамдарды қағып, кейін пышақпен тұра ұмтылған. Шабуылдан барлығы тоғыз адам жараланып ауруханаға түсті. Университет басшылығы студенттерді шабуыл болғаны туралы ескертіп, Twitter-де "Университетте кісі атқан адам жүр. Қашыңыздар, жасырыныңыздар, қарсылық танытыңыздар" деп хабарлады. Полиция шабуыл жасаған адамды атып тастады. Полиция шабуылдаған адамды Абдул Разак Әли Артан деп сипаттады.

XS
SM
MD
LG