Accessibility links

Ақ үй Трамптың "сайлауда заң бұзылды" деген пікірін терістеді


АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамп.
АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамп.

Ақ үй АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың "Егер миллиондаған адамдар заңсыз дауыс бермегенде жалпыхалықтық дауыс беруде де жеңіске жеткен болар едім" деген тұрғыдағы тұжырымын терістеді. АҚШ президенті әкімшілігінің мәлімдемесінде Трамптың сөзіне ешқандай дәлел жоғы айтылады.

Дональд Трамп бұл туралы пікірін 27 қарашада Twitter-де білдірген. Ол қарсыласы, демократ Хиллари Клинтон жеңген Вирджиния, Нью-Гемпшир және Калифорния штаттарында кәдімгідей заң бұзушылық болды деген. Бірақ ол бұл сөзіне дәлел келтірген жоқ.

Бұған дейін Клинтонның сайлау штабы Жасылдар партиясының кандидаты ұсынған Висконсиндегі дауысты қайта санау ұсынысын қолдайтынын мәлімдеген. Жалпыхалықтық дауыс беру қорытындысы бойынша Клинтон Трамптан екі миллион дауыс артық жинаған. Бірақ сайлаушылар алқасында жинаған дауыс саны бойынша Трамп президент болып сайланған.

XS
SM
MD
LG