Accessibility links

Черногория парламенті НАТО-ға кіруді қолдайтын үкіметті бекітті


Черногорияның жаңа премьер-министрі Душко Маркович.
Черногорияның жаңа премьер-министрі Душко Маркович.

Черногория парламенті 28 қарашада барлау қызметінің бұрынғы басшысы, Социалистердің демократиялық партиясының жетекшісі Душко Маркович басқаратын жаңа үкімет құрамын бекітті. Маркович үкімет 2017 жылдың соңына дейін елдің нАТО-ға кіру процесін аяқтайтынына уәде берді.

Черногорияның НАТО-мен жақындасуына Ресей қарсы. Соңғы уақытта ресейлік ұлтшылдардың мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген әрекетінің іске аспай қалғаны туралы хабарланған. Мәскеу Черногорияның НАТО-мен жақын байланыс орнатуына жол бермеуге тырысып жатыр деген ұйғарым да шыққан.

16 қазанда өткен сайлаудан соң Маркович басқаратын Социалистердің демократиялық партиясы жеке өзі үкімет жасақтауға жеткілікті көпшілік орынға ие болмаса да парламенттегі ең ықпалды күшке айналған. Дегенмен, социалистер социал-демократтармен және елдегі ұлттық азшылықтардың мүддесін қорғайтын басқа да партиялармен альянс құра білді. Осының нәтижесінде олар үкімет құрамын бекіту кезінде қолдауға ие бола алды. Оппозицияшыл депутаттар парламент отырысына байкот жариялады.

XS
SM
MD
LG