Accessibility links

Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Колумбияда бортында 72 адамы бар жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Чартерлік рейс Боливиядан Колумбияның Медельин қаласына ұшып шыққан. Ұшақта Бразилияның "Шапекоэнсе" футбол клубының ойыншылары болған.

Әзірге қаза тапқандар мен жараланғандардың саны туралы ақпарат жоқ. Қазір ұшақ құлаған аймаққа құтқарушылар жөнелтілген. Медельин басшылығы апаттан тірі қалғандар бар болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ұшақ апатына не себеп болғаны әзірге белгісіз. FlightRadar24 сайтының мәліметінше, ұшақ Медельинге қонатын кезде бірнеше рет айналып ұшып, кейін радардан жоғалып кеткен.

XS
SM
MD
LG