Accessibility links

Ақтөбеде 18 жастағы жігіт "терроризм" айыбымен сотталды


Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сот ғимараты (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сот ғимараты (Көрнекі сурет).

Ақтөбе қаласының 18 жастағы тұрғыны "терроризмді насихаттады" деген айыппен бес жылға сотталды. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

18 жастағы Мүслім Еменовке тергеу қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлімі бойынша айып таққан. Ақтөбе соты 29 қараша күні оның мүлкін тәркілеуге үкім етті. Үкім күшіне енсе, ол жазасын жалпы режимді колонияда өтейді.

Сот таратқан ақпаратқа қарағанда, Мүслім Еменов "радикалды исламды ұстанған". "Вконтакте" желісінен Maka Muslim деген атпен парақша ашып, экстремизмге үндейтін аудиожазбаларды бөліскен. Парақшасына қарулы жихадқа шақыратын материалдарды салып, терроризм мен экстремизмді насихаттаған.

"Сот оның жастығы мен бұрын сотталмағандығын ескеріп, жазасын жеңілдетті. Алайда, оның іс-әрекеті қоғамға қауіпті болғандықтан бас бостандығынан айырды" дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

XS
SM
MD
LG