Accessibility links

Сот "Теміртау жұмысшысы" газетін мақаласын терістеуге міндеттеді


"Теміртау жұмысшысы" газетінің журналисі Олег Гусев пен заңгер Сергей Тимченко. Теміртау, 8 қараша 2016 жыл.

"Теміртау жұмысшысы" газетінің журналисі Олег Гусев пен заңгер Сергей Тимченко. Теміртау, 8 қараша 2016 жыл.

Теміртау қалалық соты бүгін мемлекеттік жүз пайыз үлесі бар коммуналдық кәсіпорны - "Оқжетпес-Т" заңды тұлғасының жергілікті "Теміртау жұмысшысы" газетінің редакциясы үстінен іскерлік беделін қорғауды талап етіп түсірген азаматтық шағымын ішінара қанағаттандырды. Сот басылым редакциясы мен журналист Олег Гусевті газетте бұған дейін жарияланған мәліметтерді терістеуге міндеттеді. Сот

Шағымға газетте 2016 жылы 15 маусымда жарияланған "Теміртаулық рэкет: "Оқжетпес-Т" коммуналдық төлемдерді заңсыз алып отыр" деген тақырыппен жарияланған мақала себеп болған. Шағымданушы мақалада "коммуналдық кәсіпорынның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, шындыққа сай келмейтін ақпарат пен мәліметтер бар" дейді. Сот басылымды "Оқжетпес-Т" заңды тұлғасы есебін көрсетіп, заңсыз ақша алып отыр" деген сөзді терістеуді міндеттеді. Сот сонымен қатар редакция мен оның журналисінен "Оқжетпес-Т" компаниясының пайдасына мың теңгеден астам ақша өндіріп беруге қаулы шығарды.

Сот шағымның Олег Гусевті БАҚ-та жария түрде кешірім сұрауды талап еткен талабын орындатудан бас тартты.

Шағымданушы сотта талаптарын толық қанағаттандыруды талап етті.

- Аталған мақалада журналист "Оқжетпес-Т" заңды тұлғасының заңсыз жұмыс істеп отырғаны туралы әдепке жат пікір білдіріп, тұрғындарды қызмет үшін ақы төлемеуге шақырады. Автор өзінің пікірімен кәсіпорынның іскерлік беделіне нұқсан келтіріп, кәсіпорының жұмысына кедергі жасайды, - деді сотта шағымданушының өкілі.

Шағымданушының мәліметінше, газетте жарияланған мәлімет "кәсіпорынның экономикалық және техникалық қызметіне әсер еткен". Мақаланы оқыған тұтынушылар "коммуналдық төлемдерді төлеуді тоқтатқан". Бірақ жауапкер жақ материал әдеби тілмен жазылғанын, мақала авторы кәсіпорынның қызметіне қатысты өзінің жеке пікірін білдіргенін айтып, мұнымен келіспейді. Басылым кәсіпорынның "іскерлік беделіне нұқсан келгеніне дәлел жоқ" деп санайды.

Редакция мен журналистің мүддесін қорғаған Сергей Тымченко соттан шағымды мүлдем қанағаттандырмауды сұрады.

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

XS
SM
MD
LG