Accessibility links

ХВҚ: Ресей экономикасы биыл 0,6 пайызға азаяды


Халықаралық валюта қорының бас кеңсесі. Вашингтон, АҚШ.

Халықаралық валюта қорының бас кеңсесі. Вашингтон, АҚШ.

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Ресей экономикасының өсімі биыл да төмендеп, жалпы ішкі өнім көлемі 0,6 пайызға қысқарады, бірақ 2017 жылдан қалпына келе бастайды деп болжам жасады. ХВҚ-ның 29 қараша күнгі болжамы Ресей мен Батыс елдері агенттіктерінің болжамымен сай келіп отыр. Осы айдың басында мамандары Мәскеуге барып келген.

ХВҚ Ресей экономикасы Батыс елдерінің санкциялары мен бұған дейінгі мұнай бағасының арзандауынан алған соққыны өзіне сіңіріп алғанын, мұнай бағасының қайтадан көтеріле бастауынан экономика 2017 жылға қарай оңала бастайтынын айтады.

Болжам бойынша, Ресейде инфляция деңгейі биылғы жылдың соңына қарай 5,6 пайызға дейін төмендеп, 2017 жылы бұдан ары түседі. ХВҚ "бюджет консолидациясы" қаржыны мақсатты түрде жұмсап, тұрақты құрылымдық реформалар жасауға тәуелді екенін ескертеді.

ХВҚ зейнетақы жүйесі, салық жеңілдіктері мен субсидия беру жүйесін түгелдей реформалау қажетін және мемлекет пен адам капиталын қорғау керегін айтады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG