Accessibility links

Мәжіліс дактилоскопия туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Парламент мәжілісінің депутаттары бүгін "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуына қарағанда, саусақ таңбасы паспорт, төлқұжат рәсімдеу кезінде алынады. 12-16 жас аралығындағы балалар құжат алатын кезде дактилоскопиялық тіркеуден ата-анасының рұқсатымен ғана өтеді. Қасымов дактилоскопиялық тіркеуден Қазақстанға кіруге виза алатын шетелдіктер, оның ішінде заң бұзып, елден шығарылатындар да өтетінін айтты. Саусақ таңбасы сонымен қатар босқындардан, еңбек мигранттары мен Қазақстанда тұруға рұқсат бар шетелдіктен де алыннбақ. Министр дактилоскопиялық және геномдық мәліметтер ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасында электрондық түрде сақталады.

Бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов заң жобасында азаматтар дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартқан жағдайда айыппұл салу қарастырылғанын айтқан. Ал дактилоскопиядан бас тартқан шетелдіктер депортацияланбақ. Дактилоскопиядан бас тартқан қазақстандықтар жеке басын куәландыратын құжат ала алмайды.

Заң жобасын 2018 жылдан бастап іске асыру үшін 36,8 миллиард теңге (100 миллион доллардан астам) қажет.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG