Accessibility links

Назарбаев Трампты телефон арқылы құттықтады


Қазақстан президентінің резиденциясы - Ақорда. (Көрнекі сурет.)
Қазақстан президентінің резиденциясы - Ақорда. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен телефонмен сөйлесті деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Назарбаев Трампты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оған сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында табыс тілеген. АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Қазақстан президентін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаған.

Тараптар әлемдегі және Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері жөнінде, Қазақстан мен Американың достық қарым-қатынасы, соның ішінде сауда-экономикалық серіктестікті жаңа деңгейге көтеру жайлы пікір алмасқан.

«Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трамптың назарын Ресей мен Америка ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік беретін басты үш салаға аударды. Олар: терроризммен күрес, Украинадағы дағдарысты реттеу және жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту» делінген ақпаратта.

Әңгіме соңында АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті барша Қазақстан халқына республика тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында игі тілегін жолдады деп хабарлайды Ақорда.

XS
SM
MD
LG