Accessibility links

Норвегиялық Магнус Карлсен шахматтан әлем чемпионы атағын сақтап қалды


Шахматтан әлем чемпионы, норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен.

Шахматтан әлем чемпионы, норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен.

Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен ресейлік гроссмейстер Сергей Карякиннен тай-брейкте басым түсіп, шахматтан әлем чемпионы атағын сақтап қалды.

Бұған дейін Карлсен мен Карякин арасында әлем жеңімпазы атағы үшін өткен негізгі бәсеке 6:6 есебімен тең аяқталған соң жылдам ойнаудан тай-брейк өткізілген. Төрт партиядан тұратын тай-брейк нәтижесінде 3:1 есебімен Карлсен жеңіске жеткен.

Шахматтан әлем чемпионы тәжі үшін матч қарашаның 11-інен желтоқсанның 1-іне қараған түнге дейін Нью-Йоркте жалғасқан.

Қарашаның 30-ы күні 26 жасқа толған Магнус Карлсен 2013 жылы алғаш рет шахматтан әлем жеңімпазы атанған. 2014 жылы ол үндістандық Вишванатан Анандты тағы да жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG