Accessibility links

Алматыда Назарбаевтың инаугурациясына арналған тақта ашты


Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы өткен инаугурациясында ант беріп тұр. (Сурет Ақорда сайтынан алынды).

Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы өткен инаугурациясында ант беріп тұр. (Сурет Ақорда сайтынан алынды).

Алматыдағы Республика сарайы фасадына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы ғимаратта өткен алғашқы инаугурациясына арналған ескерткіш тақта ашылды. Сарайдың алдында президент күнінен арналған жиын да өтті.

1991 жылы желтоқсанның 1-інде Қазақ ССР президенті болып сайланған Нұрсұлтан Назарбаев сол жылы желтоқсанның 10-ында Алматыдағы Республика сарайында Қазақстан президенті ретінде ант берген.

Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы желтоқсанның 1-інде Қазақ ССР президенті болып қайта сайланды (дауыстың 98,7 пайызын алған). Назарбаев 1995 жылы сәуірдің 29-ында референдум арқылы өз өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзартты. Одан кейін 1999 жылы қаңтардың 10-ында (81 пайыз дауыс алды), 2005 жылы желтоқсанның 4-інде (91,15 пайыз дауыс алды), 2011 жылы сәуірдің 3-інде (95,55 пайыз дауыс алды) және 2015 жылы сәуірдің 26-сында (97,75 пайыз дауыс алды) өткен сайлауларда Нұрсұлтан Назарбаев тағы да президент болып сайланды.

Бүгін Қазақстанда тұңғыш президент күні мерекесін атап өтіп жатыр. Бес жыл бұрын парламент желтоқсанның 1-ін мереке санатына енгізіп, демалыс деп жариялаған. Сыншылар бұл мерекені Назарбаевтың жеке басына табыну көрінісіне теңесе, билікті қолдаушылар оны тұңғыш президентке деген құрмет деп санайды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG