Accessibility links

Украина әскери жаттығуы Қырымға қауіпсіз екенін хабарлады


Украинаның әскери ұшақтары. 23 қараша 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Украинаның әскери ұшақтары. 23 қараша 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресей аннексиялап алған Қырымға жақын маңда әскери жаттығу өткізіп жатқан Украинаның қорғаныс министрлігі "зымыран ату жаттығуы Қырым жағалауынан 90 километр қашықта, тұрғындарға қауіп төндірмейтін жерде" өтетінін мәлімдеді.

Украина Ресейдің бұл жаттығуға байланысты айтқан сөзін - "украиналық зымырандар ресейлік объектілерге қауіп төндірсе, атып түсіреміз" дегенін "байбалам және арандату" деп атады.

Ресей Украина зымырандары Қырым аймағына жіберілетін болса, оларды атқылаймыз деп ескерткен. Ескертуде Украина жаттығу барысында зымырандары Симферополь және Одессаға аймағына (жерге, теңізге немесе әуе кеңістігіне) құлайтын болса, жауап ретінде зымырандарды жою үшін қарсы шабуыл жасалатыны айтылған.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Ведомости" газетіне мұндай ескерту Ресей қорғаныс министрлігінің Украинаға жіберген нотасында айтылғанын растады.

Бұған жауап ретінде Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Александр Турчинов Мәскеуді "арандату мен байбаламымен" жаттығуларына кедергі келтірмеуін сұрады. Ол барлық халықаралық келісімдерге сәйкес Ресейдің әуе кеңістігі Қара теңіздегі Керчь бұғазымен аяқталатынын ескертті.

Украинаның ертең аяқталатын әскери жаттығуына ұшақтар, зенитті-зымыранды және радиотехникалық жасақтар, ұшқышсыз ұшақтар қатысып жатыр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG