Accessibility links

Гудков: Немцовтың өліміне Шешенстан басшылығының қатысы бар


Борис Немцовтың өліміне байланысты күдікке ілінген азаматтар Заур Дадаев, Шадид және Анзор Губашев, Темірлан Эскерханов пен Хамзат Бахаев сотта отыр. Мәскеу, 8 қараша 2016 жыл.
Борис Немцовтың өліміне байланысты күдікке ілінген азаматтар Заур Дадаев, Шадид және Анзор Губашев, Темірлан Эскерханов пен Хамзат Бахаев сотта отыр. Мәскеу, 8 қараша 2016 жыл.

Ресей мемлекеттік думасының бұрынғы депутаты Геннадий Гудков ресейлік оппозиционер Борис Немцовтың өліміне қатысты сотта "оның қазасына Шешенстан саяси басшылығының қатысы бар" деп мәлімдеді. Гудков бұл деректі өзі бұрын қызмет еткен мемлекеттік қауіпсіздік орындарындағы дереккөзінен алғанын айтты.

Бейсенбі күнгі сот тыңдауына қатысқан Геннадий Гудков Немцовқа үнемі қоқан-лоқы көрсетілгенін, бірақ саяси қызметін өзіне жеткілікті қорғаныш деп білген оппозиционердің "жеке басының қауіпсіздігіне мүлдем салғырт қарағанын" айтты.

Бұған дейінгі сотта "ПАРНАС" партиясы төрағасының орынбасары Илья Яшин де Борис Немцовқа доқ көрсетілгенін айтқан. Оның сөзінше, оппозиционер тек бір адамнан ғана - Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтан ғана қатты қауіптенген.

Борис Немцовты 55 жасында - 2015 жылы ақпанның 28-іне қараған түні Кремльге жақын жерде атып өлтірген. Бұл іс бойынша Заур Дадаев, Шадид және Анзор Губашевтер, Темірлан Эскерханов пен Хамзат Бахаев ұсталған. Тергеушілер қылмысты ұйымдастырушы ретінде Шешенстан ішкі істер министрлігінің «Север» батальонының бұрынға офицері Руслан Мухудиновты атайды. Ал саясаткерді өлтіруге тапсырыс бергендер «аты-жөні анықталмаған» белгісіз біреулер делінеді.

XS
SM
MD
LG