Accessibility links

Наурыз мерекесі, қатырма, құсбегілік және күрес ЮНЕСКО тізіміне енді


Наурызды тойлап жатқан әжелер. Шымкент, 27 наурыз 2016 жыл.

Наурызды тойлап жатқан әжелер. Шымкент, 27 наурыз 2016 жыл.

БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) Азиядағы бірнеше халыққа ортақ жыл басы Наурыз мейрамын, осы аймақтардағы халыққа ортақ тағам қатырманы, құсбегілік өнер мен қазақ күресін адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енгізді.

Наурыз (Новруз, Нооруз, Навруз, Невруз, Ноуруз, Навруз) мейрамын ЮНЕСКО тізіміне Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Ирак, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан мен Үндістан мен ұсынған.

Ал қатырманы (лаваш, юфка, юпка) Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркия тізімге қосуды сұраған.

Құсбегілік өнер Австрия, Бельгия, Біріккен Араб Әмірлігі, Испания, Франция, Германия, Венгрия, Италия, Қазақстан, Корея, Моңғолия, Марокко, Пәкістан, Португалия, Катар, Сауд Арабиясы, Сирия мен Чехияның атынан тіркелген.

Ал қазақ күресі (ЮНЕСКО сайтында Kuresi деп жазылған) адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары тізіміне Қазақстанның атынан іліккен.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG