Accessibility links

Олланд: Президент сайлауына түсу ниетім жоқ


Франсуа Олланд, Франция президенті.

Франсуа Олланд, Франция президенті.

Франция президенті Франуса Олланд 2017 жылғы президент сайлауына қатысудан үмітті емесін және Социалистік партияның праймеризіне кандидатурасын ұсынбайтынын айтты. Қоғамдық сауалнама нәтижелері Олландтың тұрғындар арасындааса танымал емесін көрсетеді. 1 желтоқсанда Олланд өз партиясына "консерватизм мен экстремизмді жеңуге" мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Болжам бойынша, қазіргі премьер-министр Мануэль Вальс социалистер праймеризіндегі жеңіске жету мүмкіндігі ең жоғары үміткер бола алады. Рсепубликашылдар партиясының кандидаты болып бұрынғы премьер-министр Франсуа Фийон сайланды. Сарапшылар сәуірде өтетін президент сайлауының алғашқы кезеңінің қорытындысы бойынша Франсуа Фийон мен әсіре оңшылдар жетекшісі Мари ле Пен мамырда болатын екінші кезеңіне шығады деп болжайды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG