Accessibility links

Washington Post: Трамп қорғаныс министрі қызметіне кандидатын таңдады


Джеймс Мэттис, АҚШ теңіз жаяу әскерінің отставкадағы генералы.

Джеймс Мэттис, АҚШ теңіз жаяу әскерінің отставкадағы генералы.

Washington Post газетінің хабарлауынша, АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамп теңіз жаяу әскері корпусының отставкадағы генералы Джеймс Мэттисті қорғаныс министрі етіп тағайындамақ. Басылым бұл деректі аты-жөнін атамаған, "Трамптың шешімімен таныс адамдардан алғанын" айтады. Басылым Пентагон басшылығына үміткер туралы ресми түрде келесі аптаның басында жарияланады дейді.

Трамптың өкілі Twitter-де бұл хабарды терістеп, әлі таңдау жасалмағанын хабарлады. Трамп 20 қарашада 66 жастағы отставкадағы генерал Мэттиспен кездесуден соң "қатты әсер алғанын" хабарлап, оны "генералдардың нағыз генералы" деп атаған. Мэттистің кандидатурасын сенаттың қарулы күштер жөніндегі комитетін басқаратын республикашыл сенатор Джон Маккейн қолдаған.

Мэттис министр болуы үшін оның кандидатурасын конгрестің қос палатасы да мақұлдауы тиіс. Мэттис отставкаға 2013 жылы кеткен. Ол сол кезде АҚШ қарулы күштері орталық қолбасшылығын басқарған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG