Accessibility links

Украина Қырымға жақын аймақта зымыран сынағын өткізіп жатыр


Украина әскерилерінің сынақ үшін атып жатқан зымырандары. Херсон облысы, 1 желтоқсан 2016 жыл.
Украина әскерилерінің сынақ үшін атып жатқан зымырандары. Херсон облысы, 1 желтоқсан 2016 жыл.

Украина Қара теңізде екі күндік зымыран сынағын бастады. Сынақ Ресей кез-келген зымыранды атып түсіретінін ескертіп, Қырымдағы әуе-қорғанысы күштерін жоғары дайындыққа келтіргеніне қарамастан басталып отыр.

Украина қорғаныс және қауіпсіздік кеңесі Херсон облысынан атылып жатыр деген зымырандарының видеосын таратты. Херсон - Қырымның әкімшілік шекарасына жақын орналасқан облыс.

"Киев пен бүкіл Украинаның әуе қорғанысы жүйесін құру - біздің міндетіміз және бізді ешкім тоқтата алмайды" деді 1 желтоқсанда Украина президенті Петр Порошенко.

Әскерилер өкілі Владимир Крыжановский жаттығу Қырым әуе кеңістігінен кем дегенде 30 километр қашықтықта өтіп жатқанын хабарлады. Ол сынақ халықаралық заңдарға сай өтіп жатқанын айтып, Украина әскерилері "барлық жағдайға дайын екенін" жеткізді.

Ал "РИА-Новости" агенттігінің Қырымдағы әскери дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, бұл тұста Ресейдің Қара теңіз флотының әскери кемелері түбектің әуе кеңістігін күшейтуге көмектесу үшін Қырымның батыс жағалауларына қарай орналастырылған. Ресей сонымен қатар сынақ қарсаңында кез-келген зымыранды атып түсіретінін ескерткен.

Ресей Қара теңіз әскери флоты орналасқан Қырымды 2014 жылы наурызда заңсыз аннексиялап алған.

Биыл қыркүйекте Ресей оңтүстік шекарасы бойында, оның ішінде Қырымда алғаш рет әскери жаттығулар өткізген.

XS
SM
MD
LG