Accessibility links

АҚШ сенаторлары Иранға қарсы санкцияны созуды қолдады


АҚШ конгресі сарайы (Көрнекі сурет).
АҚШ конгресі сарайы (Көрнекі сурет).

АҚШ конгресінің сенаторлары "Иранға қарсы санкциялар туралы" заңның күшін ұзарту туралы заң жобасын бірауыздан қолдап дауыс берді. Заң АҚШ-тың Тегеранмен ынтымақтасқан компанияларға тағы 10 жыл санкция салуына рұқсат береді.

Заң жобасын бұған дейін конгрестің өкілдер палатасы мақұлдаған. Енді ол Ақ үйге жолданады. Оған президент Барак Обама заңға қол қояды деген болжам бар.

Конгресмендердің мәлімдеуінше, бұл заң Тегеран әлемдік державалармен жасасқан келісімі бойынша алған міндеттемелерін бұзса, АҚШ-тың Иранды "жазалауына" мүмкіндік береді. Обама әкімшілігіндегі ресми өкілдердің мәлімдеуінше, бұл заң ядролық келісім шарттарын бұзбайды және Обаманың оны мақұлдауы үшін қажетті талаптарға жауап береді.

XS
SM
MD
LG