Accessibility links

FBI: Ресей қаржы жүйесіне кибер шабуыл жасалмақ болған


Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің бас кеңсесі, Мәскеу.
Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің бас кеңсесі, Мәскеу.

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ, FBI) әлдебір "шетел арнайы қызметтері" Ресейдің қаржы жүйесін шайқалтып, банктерінің қызметін бұзу мақсатында кибершабуыл дайындағанын мәлімдеді.

Ведомствоның баспасөз қызметі шабуылдың 5 желтоқсанда басталуы тиіс болғанын, ал ол шабуылды жасайтын серверлердің Нидерландыда орналасқанын айтады. ФСБ ол серверлер украиналық BlazingFast хостинг компаниясына тиесілі болған дейді.

Кибершабуыл кезінде қосымша әлеуметтік желілерде материалдар жарияланып, ресейлік банктердің лицензиялары қайтарылып алынғаны туралы СМС хабарламалар таратылуы тиіс болған.

Кеше "Коммерсант" басылымы рсеейлік аты-жөні аталмаған банк хакерлік шабуылдан 100 миллион рубльден айырылғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG