Accessibility links

Ресейде "сатқындық" айыбымен сотталған әйел үкіміне шағымбандақ


Иван Павлов, "мемлекетке сатқындық жасады" деген айыппен сотталған Оксана Севастидидің адвокаты.

Иван Павлов, "мемлекетке сатқындық жасады" деген айыппен сотталған Оксана Севастидидің адвокаты.

Ресейде Грузиядағы құрбысына ресейлік әскерилер туралы электрондық хабарлама жіберген соң "мемлекетке сатқындық жасады" деген айыппен сотталған әйел Оксана Севастидидің адвокаты оның өз үкіміне қарсы шағым бергісі келетінін мәлімдеді.

46 жастағы Оксана Севастиди биыл наурызда 2008 жылы тамызда Ресей мен Грузия арасында әскери жанжал шыққан кезде құрбысына Ресейден Грузияның жікшіл Абхазия аймағына әскери құрал-жабдық тиелген пойыздың жолға шыққаны туралы хат жолдағаны үшін жеті жылға сотталған.

Севастидидің адвокаты Иван Павлов 2 желтоқсанда Краснодар облыстық сотынан үкімге шағым беру мерзімі өтіп кеткендіктен қорғауындағы әйелдің үкімге апелляциялық шағымын қабылдауды сұрады. Павловтың айтуынша, Севастидидің бұрынғы адвокаты белгісіз себептермен үкімге шағымданбаған.

Мәскеудегі "Мемориал" құқық қорғау ұйымының өкілі Олег Орлов Севастиди саяси себептен сотталды деп санайды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG