Accessibility links

Италиядағы референдумда сайлаушылар белсенділігі жоғары


Италиядағы конституциялық реформалар бойынша референдумдағы дауыс беру бюллетені. 4 желтоқсан 2016 жыл.
Италиядағы конституциялық реформалар бойынша референдумдағы дауыс беру бюллетені. 4 желтоқсан 2016 жыл.

Италия билігінің мәліметінше, конституциялық реформа бойынша референдумда сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі өте жоғары екені байқалады. Жергілікті уақыт бойынша сағат жетіде референдум,а дауыс беру құқығы бар сайлаушылардың 57 пайызға жуығы қатысқан. Референдум сонымен қатар еуропалық ынтымақтастықты жақтайтын премьер-министр Маттео Ренцидің саяси келешегін де анықтап, еуропалық қор нарықтарына ықпал етуі де мүмкін.

Маттео Ренци егер азаматтар өзінің парламенттің жоғарғы палатасының және аймақтық биліктің өкілеттігін азайту жоспарын қабылдамаса отставкаға кетуге уәде берген. Ренци өз қызметінің саяси салмағын экономикалық реформалар жүргізу арқылы күшейтуге ұмтылады. Еуропа қор нарықтарында референдумда реформаға қарсы оппозицияшыл партиялардың бәсі үстем болады деген қауіппен байланысты алаңдаушылық туындап тұр.

Еуропа Одағын сынайтын саяси күштер сайлаушыларды референдумға шығарылған ұсынысқа қарсы дауыс беруге шақырып отыр. Олар Ренциді биліктен кетіріп, Италияны еуро аймағынан, тіпті Еуропа Одағы құрамынан біржола шығаруға жол ашуды көздейді. Егер олар осы жолы жеңіске жететін болса Италиядағы ЕО-ға қарсы және Ресей президенті Владимир Путинге бүйрегі бұратын екі популистік топ - Беппе Грилоның «Бес жұлдыз қозғалысы» мен Маттео Сальвинидің Lega Nord (Солтүстік Лига) партиясы күш алмақ.

Италияда 51 миллион азаматтың дауыс беру құқығы бар.

XS
SM
MD
LG